Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерге келушілер саны аптасына 50 мың адамға жетті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне келушілер саны артып, аптасына 50 мың адамға дейін жетті. Бұл туралы "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.

Мегаполисте демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге Алматы мен облыстың фермерлері қатысып, жаңа піскен және сапалы өнімдерін ұсынады. Биыл жәрмеңкеге қатысатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің саны 10 пайызға өсіп, 330 кәсіп иесіне жеткен. Тұрғындарға мыңнан астам түрлі өнім тікелей өндірушілерден жеткізіледі. Бұл бағаның нарықтағы деңгейден төмен болуына мүмкіндік беріп отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, келушілер санының өсуіне Жетісу ауданында ашылған жаңа жәрмеңке де әсер еткен. Қазір мұндай сауда алаңдары Алмалы, Бостандық, Әуезов, Медеу және Жетісу аудандарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Сұраныстың артуына байланысты келесі аптада Алмалы ауданында жаңа жәрмеңке ашу жоспарланып отыр. Өтетін орны туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді:

Сондай-ақ жаңа өнімдер қаладағы ірі сауда желілерінде де қолжетімді бағамен сатылуда. "Береке Fest" республикалық акциясы аясында отандық өндірушілерге арнайы сауда аймақтары бөлінген.

Бұл бастама өнім бағасын төмендетуге, отандық өндірісті қолдауға және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Акция аясында Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, "Алматы" ӘКК және Magnum, Small, Toimart сауда желілері арасында меморандумдарға қол қойылған. Құжаттар бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 10 пайыздан аспайды.

"Береке Fest" акциясы қазан айының соңына дейін жалғасады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі