Ақмола облысында заңсыз еңбек мигранттары анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Ақмола облысында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға бағытталған "Заңсыз келуші – 20251" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда.

Бұл шара 13 қазанда басталып, облыс аумағында шетел азаматтарының еңбек қызметін заңды негізде жүзеге асыруын тексеруді көздейді.

Іс-шара барысында 14 қазанда Бұланды ауданының Макинск қаласында полицейлер жылу оқшаулау зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген алыс шетелдердің бес азаматын анықтады.

Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар заңсыз жұмыс күшін пайдалануға жол берген жұмыс берушілер де ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Осы іс-шара аясында сот шешімімен 11 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды, ал жеті адамның елде болу мерзімі қысқартылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, "Заңсыз келуші – 2025" іс-шарасының басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау болып табылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз