Экологиялық бақылау іске қосылды: Алматыда автокөлікті тексеру күшейтілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жылжымалы экологиялық зертханаларды пайдалана отырып, автомобильдерді тексеру бойынша рейдтер жалғасып келеді. Бұл туралы Экология басқармасының өкілдері хабарлады.

Мұндай тексерісті Алматы қаласы әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрақты экологиялық мониторинг аясында "Eco Almaty" ЖШС жол полициясы қызметкерлерімен бірге жүргізеді. Олар ауаның ластануын азайтуға, пайдаланылған газдардың улылығын бағалауға, көліктер арасындағы экологиялық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Мәселен, 2025 жылы 4-10 қазан аралығында мамандар 224 көлікті тексерді. Оның 138-і бензинмен немесе газбен жүрсе, 23-інің зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшерінен асып кеткені, 64 дизельді көліктердің жартысына жуығы (26) уыттылық пен түтін шығару нормаларынан асып кеткен.

Тұрақты тексерулер ластану көздерін уақытылы анықтауға және оларды жою бойынша шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл қаладағы ауа сапасын жақсартуға ықпал етеді, деп атап өтті Алматының экология басқармасы.

Еске салсақ, Алматыда "Атмосфералық ауаны қорғау саласында арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы" атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленген болатын. Ереженің негізгі мақсаты – мегаполис атмосферасының ластану деңгейін жүйелі түрде төмендету. Экология басқармасының деректеріне сәйкес, қаладағы барлық шығарындының 60%-ы автокөліктен, қалғаны жеке тұрғын үй секторына және стационарлық ластану көздерінен (өндіріс орындары, моншалар, қоғамдық тамақтану, құрылыс нысандары) шығады.

Ережені жүзеге асыру экологиялық жағдайды жақсартуға, әсіресе қысқы кезеңде алматылықтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда мемлекеттік сервистер уақытша жұмыс істемейді

Испания – Аргентина матчының бас төрешісі белгілі болды

АҚШ Иранға жетінші түн қатарынан соққы жасап жатыр