СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды

Сурет: ҚР ІІМ
Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетел азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірде "Заңсыз келуші-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегін анықтаған. Оның ішінде 120 шетелдік Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылса, 9 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер базарлар, құрылыс нысандары, қосалқы шаруашылықтар мен шетел азаматтары жиі болатын орындарды тексеріп жатыр.

Қазан айының басында Уәлиханов ауданының тұрғыны далада араб тілінде сөйлесіп жүрген екі жас жігітті байқап, күдіктеніп полицияға хабар берген. Телефон аудармашысының көмегімен сөйлескен шетел азаматтары бірнеше күн бойы жаяу жүріп, Ресейге жұмыс іздеп бармақ болғандарын айтқан және шекараны қай жерден кесіп өткен ыңғайлы екенін сұраған.

Ауыл тұрғынының жедел әрекетінің арқасында көші-қон қызметі мен ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлері шетелдіктерді ұстап, мән-жайды анықтады.

Белгілі болғандай, бұл азаматтар бұған дейін, қыркүйек айының ортасында, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха аудандық сотының шешімімен мемлекеттік шекараны заңсыз бұзғаны үшін елден шығарылған. Оларға өз еркімен елден кету міндеттелген, алайда талап орындалмаған.

Заң талаптарын елемегені үшін шетел азаматтары Петропавлға жеткізіліп, елден шығарылды.

Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды