Айдос Үкібай: Сара Назарбаева Алматыда ем қабылдап жатыр

Сурет: Facebook/Bobek Ortalygy
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 17 қазанда nazarbayev.kz сайтында жарияланды.

"Соңғы уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы мен орналасқан жеріне қатысты түрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарауда. Осыған байланысты түсініктеме беруді қажет деп санаймын: Сара Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізіліп, отандық мамандардың бақылауында", – деді Айдос Үкібай.

Сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын этиканы сақтауға және Сара Алпысқызының есімін алып, түрлі алыпқашпа әңгімелер таратпауға шақырды.

"Ресми және нақты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажет", – деп атап өтті Айдос Үкібай.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың мамыр айында мессенджерлер мен кейбір БАҚ-та Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тараған еді. Ол кезде де Айдос Үкібай бұл қауесетті жоққа шығарып, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы ауруханада ем алып жатқанын, ал оның қазасы туралы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Алматы
Назарбаева Сара
Үкібай Айдос
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді