Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қазақстандықты ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады

Фото: akorda.kz
2025 жылғы 17 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлығы Акорда сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, қызметтік міндетін орындау барысында батылдық пен жанқиярлық танытқан азаматтар мемлекет тарапынан марапатталды.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі "Айбын" орденімен

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

"Құрмет" орденімен

"Ерлігі үшін" медалімен

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысы құттықтау рәсімі барысында құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай сөз сөйлеп, құтқарушы мамандығы еліміздегі ең беделді кәсіптердің бірі болуы тиіс екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, мемлекет азаматтық қорғау саласын дамыту мен нығайтуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз