Алматыда апта соңында күн ашық әрі жылы болады

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 18–20 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жауын-шашынсыз жылы күндер күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

18 қазан: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Температура түнде +0...+2°С, күндіз +8...+10°С.

19 қазан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 12 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде -1...-3°С, күндіз +7...+9°С.

20 қазан: Ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде -3...-5°С, күндіз +8...+10°С.

Алматы

18 қазан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6...+8°С, күндіз +18...+20°С.

19 қазан: Күндіз аздап жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде +7...+9°С, күндіз +15...+17°С.

20 қазан: Түнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде +4...+6°С, күндіз +14...+16°С.

Шымкент

18 қазан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Түнде +7...+9°С, күндіз +20...+22°С.

19 қазан: Түнде жаңбыр жауады. Жел 13 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +7...+9°С, күндіз +17...+19°С.

20 қазан: Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3...+5°С, күндіз +21...+23°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті