Маңғыстауда прокурорлар алаяқтардан зардап шеккен 550 салымшының құқығын қорғады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Маңғыстау облысының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына қаржы салған азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар шаралар қабылдады.

2020–2023 жылдары "Интерьер Строй Ақтау" ЖШС тұрғын үй нысандары бойынша азаматтармен алдын ала сатып алу-сату келісімшарттарын жасап, шамамен 5,5 миллиард теңге көлемінде қаражат жинаған. Алайда құрылыс аяқталмай, салымшыларға уәде етілген пәтерлер берілмей қалған.

Кейіннен компания басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталған.

Салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында прокуратура "AQ QALA 2024", "Сұлтан-Жеңіс" және "Murager-Aktau" тұрғын үй кешендері бойынша пәтерлерді алдын ала сатып алу-сату келісімшарттарын бұзу және "Интерьер Строй Ақтау" ЖШС-нің құрылыс нысандарын тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің меншігіне беру туралы сотқа талап арыз берді.

Ақтау қалалық №2 сотының 2025 жылғы 5 және 9 қыркүйектегі шешімдерімен прокуратураның талап арыздары қанағаттандырылды. Бұл шешімдер салымшыларға мемлекет қолдауымен құрылысты аяқтап, болашақта өз баспаналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, прокурорлар 550 салымшының құқықтарын қорғап, олардың мүдделерін заң жүзінде қалпына келтірді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін