Қазақстан ауылдарын интернетпен қамтамасыз етуге 320 млрд теңге жұмсалады

Фото: pexels
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев 2025 жылғы 21 қазанда ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 6 179 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде 2 606 ауыл магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) арқылы интернетке қосылған.

"663 ауылда жергілікті желі бар. 2026 жылдың соңына дейін тағы 3 000-нан астам ауылды магистральдық ТОБЖ-ға қосу жоспарланып отыр. Осылайша 2027 жылдың соңына дейін жергілікті ТОБЖ желісі 4 786 ауылға дейін жетеді", – деді Мадиев.

Министрдің мәліметінше, бұл шаралар ауылдардың 90%-нан астамын жоғары жылдамдықты сымды интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.

"2027 жылдың соңына дейінгі жалпы инвестиция көлемі 323 млрд теңгені құрайды. Ел халқының 1%-дан аз бөлігі тұратын қалған 10% ауыл интернетке спутниктік технологиялар арқылы қосылады", – деп толықтырды министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда интернет-трафик тұтыну көлемі екі есеге артқаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті