Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем қызметіне 50 жаңа арнайы автокөлікті тапсыру рәсімі өтті. Көліктердің кілтін қала әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Автопарк құрамына С класты 12 реанимобиль және В класты 38 автокөлік кірді. Барлық көліктер заманауи медициналық құрылғылармен толық жабдықталған және халықаралық талапқа толық сай келеді. Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты.

Қала басшысы автопарктің жаңаруы Алматыдағы денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау аясындағы маңызды қадам екенін атап өтіп, бұл шара шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

"Алматы – еліміздегі ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Мұнда тұрғындарға уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету ерекше маңызды. Заманауи жабдықталған жаңа автокөліктер дәрігерлер мен жүргізушілерге сенімді көмекші болады. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында күн сайын мыңдаған адамның өмірі құтқарылады. Біз сіздердің кәсібиліктеріңізді және халыққа адал қызметтеріңізді жоғары бағалаймыз", – деді Дархан Сатыбалды.

Бүгінде Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі 14 бекет пен 188 шұғыл қызмет бригадасынан тұрады. Диспетчерлік орталық тәулігіне шамамен 3 мың қоңырау қабылдайды, ал бригадалар күніне 2600-ге жуық шақыртуға шығады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты