Энергетика министрі: Жанармай бағасы күрт қымбаттамайды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда жанармай бағасының күрт өсуіне жол берілмейді. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 22 қазанда Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер министрден жанармай бағасын көтеруге салынған мораторий алынып тасталғаннан кейін "серіппе әсері" байқалып, бағаның күрт өсіп кету қаупі бар ма деп сұрады.

"Қазақстан – әлеуметтік бағыттағы мемлекет. Біз мұндай күрт баға өсуіне жол бермейміз, өйткені ол қарапайым халықтың өміріне тікелей әсер етеді. Барлығы бақылауда болады", – деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі бензин бағасын көтеруге енгізілген мораторийдің қанша уақытқа созылатынын түсіндірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды