Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз теңіз жаяу әскерлерінде қызмет етеді

Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
"Батыс" өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойы ұзын сарбаз Әлішер Назымбек әскери борышын өтеп жатыр.

Оның бойы – 2 метр 9 сантиметр.

Әлішер Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылында дүниеге келген. Назымбектің отбасында алты бала тәрбиеленуде. Оның бойының ұзындығы нағашы атасынан дарыған көрінеді. Бала кезінен-ақ Әлішер қатарластарынан ерекшеленіп, мектепте де, колледжде де көзге түсіп жүрген. Енді, міне, әскер қатарында да өзінің даралығын байқатуда.

Әскерге дейін ол Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжін "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Жастайынан спортпен айналысып, волейбол мен кикбокстан республикалық жарыстарда колледж намысын қорғаған. Осы сайыстарда ол тек күш-қуат дайындықты ғана емес, табандылығын да дәлелдей білді.

Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Сарбаздың айтуынша, әскерге бару саналы әрі көптен күткен шешімі болған.

"Бала күнімнен теңіз жаяу әскеріне баруды армандадым. Мұнда іріктеу қатал екенін білетінмін, бірақ спортпен шұғылданғанымның арқасында өзіме сенімді болдым. Қызметтен кейін әскери училищеге түсіп, офицер болғым келеді. Сондай-ақ, Құрмет қарауыл ротасына түссем деген де үмітім бар. Өйткені бойым ұзын болған соң, алар деген ойдамын, – дейді Әлішер.

Теңіз жаяу әскерлерінде еліміздің ең шыдамды, ең мықты жігіттері қызмет қызмет етеді. Бұл бөлімде бұған дейін де Денис Балюк (бойы 2 м 8 см) пен Азат Мұхамеджанов (2 м 4 см) секілді бойшаң сарбаздар болған. Енді жаңа рекорд Әлішер Назымбекке тиесілі болып отыр. Ол – Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы бойы ең ұзын сарбаз атанып отыр.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты