Астанадағы колонияға телефон өткізбек болған күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №3 мекемесінде телефонды өткізбек болған әрекет әшкереленді.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №3 мекемесінде ҰМК бақылаушысы Н.Аббас тексеру бөлмесінде тыйым салынған затты өткізбек болған әрекетті анықтады.

Ұзақ мерзімді кездесу үшін күйеуіне келген азаматшаның жеке заттарын тексеру барысында, жол сөмкесінің ішіндегі бас киімнің астынан жасырылған Nokia телефоны табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мекеме әкімшілігі ескертеді: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейді және ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін