Алматыда "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша дауыс беру басталады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
27 қазаннан бастап Алматыда қала тұрғындары "Халыққа қатысатын бюджет" (ХҚБ) жобасы аясында өз ұсыныстарына дауыс бере алады.

Биыл қала тұрғындары 4 632 бастама ұсынды. Өтінімдер 1-30 қыркүйек аралығында қабылданған. Енді жобаның маңызды кезеңі басталады – келесі жылы қандай бастамалардың жүзеге асырылатыны тұрғындардың дауыс беру нәтижесіне байланысты болады.

Дауыс беру 27 қазан мен 9 қараша аралығында өтеді. Қаланың әрбір тұрғыны дауыс беруге budget.open-almaty.kz платформасы арқылы қатыса алады.

"Халық қатысатын бюджет-2025" жобасының негізгі кезеңдері:

1-12 қазан – аудан әкімдіктері жанындағы бастамаларды сараптамалық тексеру;

19 қазанға дейін – авторлардың жобаларын пысықтауы;

20-26 қазан – жаңарған өтінімдерді қарау;

27 қазан – 9 қараша – тұрғындардың дауыс беруі;

10-16 қараша – қорытындылау;

17-18 қараша – бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру;

2026 жыл – жеңімпаз жобаларды жүзеге асыру.

"Халық қатысатын бюджет" жобасы тұрғындарды қаланың даму үдерісіне тартуға бағытталған. Әрбір алматылық өз бастамасын ұсына алады және өзіне ұнайтын жобаны таңдап, орындалуын қадағалай алады.

Келесі өтінім 2026 жылы қабылданады. Толық ақпарат budget.open-almaty.kz сайтында жарияланған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты