"Тұман түсіп, жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2025 жылдың 26 қазанына арналған ауа райының жалпы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінің таулы аймақтарында жауын-шашын болады, негізінен жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман, орталықта түнде көктайғақ болады, оңтүстікте күндіз найзағай ойнап, еліміздің оңтүстігінде, шығысында жел екпін алады деп болжанады.

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, Қызылорда өңірінің орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіп күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды