"Күн райы құбылмалы болады". Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы, ауа райы болжамы, 25 қазан, 26 қазан, 27 қазан, 28 қазан, 29 қазан, 30-31 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 18:49 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ағымдағы айдың соңына дейінгі ауа райының алдын ала болжамын ұсынды. Мамандар демалыс күндері жылы және күн райы жауын-шашынсыз болатынын айтады. Бірақ, арғы күндері жаңбыр мен қатты жел болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Синоптики отметили, что последние дни месяца – 30 и 31 октября – пройдут в ритме размеренной осени. В городе снова установится переменная облачность, без дождей, с легким восточным ветром и комфортной температурой: днем около +16+18°C, ночью +5+7°C.

Прогноз погоды по Алматы на 25 – 31 октября 2025 года:

25 октября: переменная облачность, без осадков. Ветер юго-восточный 3-8 м/с. Температура воздуха ночью +7+9°C, днем +20+22°C.


"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, қазан айының соңында ау райы Алматыда күзге тән мінез танытып, құбылмалы болады.

"Қалада 25-27 қазан аралығында ауа райы жылы болады. Аспанда көшпелі бұлттар байқалады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағаны +20...+22°C, ал түнде +7...+9°C жылыны көрсетеді, алайда 28 және 29 қазанда табиғат қарашаның жақындағанын еске салады: аздап жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 13 м/с дейін. Температура да сәл төмендейді – күндіз: +16...+18°C, түнде: +6...+8°C". Жетекші инженер-синоптик Гүлтаңсық Медеуова

Синоптиктер айдың соңғы күндері – 30 және 31 қазанда күз өз мезгіліне сай мінез танытады. Қала көгінде көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр болмайды, ақырын шығыстан жел соғады, ал ауа температурасы қалыпты әрі қолайлы болады: күндіз +16...+18°C, түнде: +5...+7°C.

Алматы қаласы бойынша 2025 жылғы 25-31 қазанға арналғанауа райы болжамы:

  • 25 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +20...+22°C.
  • 26 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +20...+22°C.
  • 27 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +18...+20°C.
  • 28 қазан: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +16...+18°C.
  • 29 қазан: аспан бұлтты,  түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +15...+17°C.
  • 30-31 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C, күндіз: +16...+18°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда Республика күнінде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: