Алматы желтоқсан айын қармен қарсы алады: Алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2023 жылы 25 қарашадан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде қалада ауа температурасы +17°С-қа дейін көтеріліп, күн райы жылы болады, бірақ қыс айының басынан бастап суық түседі: қар аралас жаңбыр жауады. Түнгі уақытта сынап бағаны нөлге дейін төмендейді.
25 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні: 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +11...+13°С.
26 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні: 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +11...+13°С.
27 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні: 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +13... +15°С.
28 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +14...+16°С.
29 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз +15...+17°С.
30 қараша: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы: +5...+7°С, күндіз: +8...+10°С.
1 желтоқсан: аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +3...+5°С.