Қызылордада көне киіз басу дәстүрі жаңғырды

Фото: Zakon.kz
Аққыр ауылында ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеуге арналған шеберлік сабағы өтті. Ауыл тұрғындары мен қолөнер шеберлері киіз басудың көне әдісін көрсетіп, жастарға үйретті.

Шараның басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан дәстүрді жаңғырту және оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру, деп жазады 24.kz.

Аққырлық әжелер қой жүнін өңдеудің дәстүрлі әдістерін түсіндіріп, оны киіз жасауға пайдалану жолдарын көрсетті.

Мектеп мұғалімі Гүлжайна Ақтау шара арқылы оқушыларға өрнек салып, киізге екінші өмір сыйлау әдісін үйретуді жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, киіз басу тек қолөнер емес, шыдамдылық пен бірлікті де талап етеді.

Ауыл тұрғындары енді бұл дәстүрді мектеп оқушылары арасында тұрақты түрде үйретуді жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты