Қазақстандықтардың қай санаты мемлекеттен 1,5 млн теңге көлімінде қайтарымсыз төлем ала алады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 28 қазанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін грант бойынша жаңартылған статистиканы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, грант мөлшері 400 АЕК (1 572 800 теңге) құрайды. Әрбір қатысушы оны тек бір рет ала алады.

"Ағымдағы жылдың басынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 8 964 грант, оның ішінде ауыл тұрғындарына – 5 539 грант берілді. 2025 жылы жалпы 9 234 грант беру жоспарланған. Үміткерлерден барлығы 22,7 мыңнан астам өтініш, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 14,8 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 3,6 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 2,6 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 600 өтініш қабылданды. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған адамдар қатарынан 758 адам, 178 қоныс аударушы және 145 қандас өтініш берді",- делінген ақпаратта.

Өтінімдердің ең көп саны Түркістан (1 788), Қызылорда (1 500), Жамбыл облыстары (1 006), ал ең аз саны Астана (126) мен Ұлытау облысынан (79) келіп түскен.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қайтарымсыз гранттар берілді.:

Алушылардың санаттары бөлінісінде:

"Биыл гранттар алуға өтініштерді қабылдау 2 лек бойынша өткізілді: біріншісінде – 4207, екіншісінде – 4757 грант берілді. Сонымен қатар 20 қазанда бірінші және екінші лектерден үнемделген қаражат есебінен тағы қосымша лек басталды",- деп мәлімдеді ведомство.

Ақпаратқа сүйенсек, барлығы үнемделген қаражат есебінен еліміздің 9 өңірінде 270 грант беру жоспарлануда. Оның ішінде: Абай (2 ауданда – 4), Ақмола (14 ауданда – 40), Шығыс Қазақстан (2 ауданда – 9), Павлодар (6 ауданда – 40), Қызылорда (Қызылорда қаласында – 56), Түркістан (Жетісай ауданында – 5), Солтүстік Қазақстан (4 ауданда – 9), Ұлытау (4 ауданда – 11) және Шымкент қаласы (96).

Гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Бұл ретте, комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады:

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

Комиссияның шешімі туралы ақпарат үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер салық органдарында өз қызметін тіркейді, банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі еңбек мобильділігі орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.

"Келесі жылы да 9 мың грант беру көзделген",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін ғылыми тағылымдамаға құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту жоспарлануда екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты