Ғылыми тағылымдамаға құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту жоспарлануда

Городская юношеская библиотека имени Жамбыла, студенты, абитуриенты, выпускники, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 09:14 Фото: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы" бұйрыққа түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту және конкурс өткізу конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қолданыстағы бұйрығына сәйкес құжат қабылдау "2025 жылғы 3 наурыздан 31 қазанға аралығында" жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзімін 2025 жылғы 19 қарашаға дейін ұзарту ұсынылады.

Өткізілетін конкурс туралы мақсатты аудиторияны кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ белгіленген талаптарға жауап беретін үміткерлер санын ұлғайтуға байланысты 2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау мерзімін ұзартуды орынды деп саналып отыр.

Құжат қабылдау мерзімін ұзарту бағдарлама бюджетінің өзгеруіне алып келмейді және оны іске асырудың жалпы кестесін бұзбайды, сондай-ақ үміткерлердің неғұрлым кең ауқымы үшін конкурсқа қатысуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба 11 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: