Алматының Бостандық ауданының әкімі ауысты

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 3 қарашасында Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды.

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеді.

2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2018 жылы шілдеден 2019 жылы наурызға дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының басшысы болды.

2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік