Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Фото: senate.parlam.kz
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылдың 3 қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, Қанат Болатұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Сурет: Алматы облысы әкімдігі

Еңбек жолын 2002 "Досанов" шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, "Megaron & K" ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі лауазымында қызмет етті.

Бұған дейін Алматының Бостандық ауданының әкімі ауысқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды