Астанада тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Астанада тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсіп, бес адам зардап шекті. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бәрі №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

"Бір науқастың жағдайы аса ауыр, оған шұғыл операция жасалуда. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде, олардың жағдайы ауыр", - деді дәрігерлер.

Сонымен қатар, екі науқастың жағдайы тұрақты, олар бөлімшеде ем қабылдап жатыр.

"Барлық зардап шеккен адам дәрігерлердің бақылауында, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оларға материалдық көмек те беріледі, әрі қарай емдеу мен оңалту шаралары жүргізіледі", - делінген Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, бүгін, 2025 жылғы 8 қарашада, Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы бойында тұрғын үй кешенінің қасбетінің бір бөлігі – сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер орнатылған бөлік құлап, бес адам зардап шеккен еді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз