ІІМ: Заңсыз айналымнан 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрлігі "Қарасора-2025" республикалық операциясының нәтижесін шығарды.

Ол есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған. Оған маусым – қазан айлары аралығында полиция, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының және Қорғаныc министрлігінің қызметкерлері қатысты. Тікұшақтар, дрондар және спутник координаталары жұмылдырылды.

Жалпы: – 3,5 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды,

Өңірлер бойынша жарқын мысалдар: Жамбыл облысында 200 килограмнан астам марихуана тәркіленді. Алматы әуежайында Үндістан азаматы анықталды. Ол елге 3 келі марихуананы алып кірмек болған. Жезқазғанда 100 келі марихуана тәркіленді.

Қызылорда облысында салмағы 300 келі болатын 928 түп қарасора анықталды.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Есірткі жолына түскен әрбір адам анық түсінуі тиіс: жазадан құтылу мүмкін емес.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады