Атырауда бір жыл бұрын егілген ағаштар қайта қопарылды

Фото: Zakon.kz
Атырауда жергілікті билік тал-теректерді отап тастаған. Бұған тұрғындар мен қоғам белсенділері наразылық білдірді. Көпшілік бұл табиғатқа қастандық жасау деп санайды. Ал әкімдік өкілдерінің өз уәжі бар. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

"Жетінше арна" ақпаратына сүйенсек, табиғат жанашырлары жергілікті биліктің ағашты отағанын құптамайды. Керісінше жасыл-желекті көбейту қажет деп санайды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл көшеттер белгілі тәртіпке сай егілмеген. Сондықтан бейберекет отырғызылған ағаштардың орны ауыстырылған.

"Исатай Махамбет алаңына 200 қылқан жапырақты шырша ағашы егілген болатын. Олардың барлығы демеушілер көмегімен симметриялық талаптарға сай егілді. Түп-түзу болып тұр. Оған дейінгі отыз тал белгілі бір тәртіппен егілмегендіктен, тамырымен алынып ауылдық округтердің КДМС мекемесіне апарылып егілді" Ғасырбек Төлеген, қала әкімінің баспасөз хатшысы

Жалпы күзгі терек егу маусымында демеушілер көмегімен 2000-нан аса жасыл желек отырғызылған. Мамандардың айтуынша, болашақта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Бұған дейін қазақстандықтарға алаяқтықтың кезекті түрі туралы ескертілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз