Астанада 3000-ға жуық жол жұмысшысы қар күреу жұмысына шықты

Сурет: Астана әкімдігі
Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы, үзіліссіз режимде қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, 11 қарашаға қараған түні коммуналдық қызмет мамандары арнайы полигондарға 1 790 рейспен 18 713 текше метр қар жеткізді.

Ал, күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына 2 997 жол жұмысшысы мен 1 438 арнайы техника жұмылдырылды.

Сурет: Астана әкімдігі

Қыс маусымы басталғалы бері елордадан 176 мың текше метрден астам қар, яғни 14 164 ауыр жүк көлігінің рейсі көлемінде қар шығарылған.

"Алдымен қаланың негізгі көшелері мен қоғамдық көлік жолдары тазартылады. Кейін орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі",- делінген елорда әкімдігінің мәліметінде.

Сурет: Астана әкімдігі

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда аса сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Бұған дейін Атырауда бір жыл бұрын егілген ағаштардың қайта қопарылып жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды