Балқаш көлінде браконьерлер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысының полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясымен бірлесіп, Балқаш моторлы қайықты тоқтатты.

Қайық ішінде 35 жастағы Жетісу облысының тұрғыны мен 37 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны болған. Тексеру сегіз жәшік табылып, тәркіленді.

Жәшіктерден көксерке, ақтабан, табан, жая, жайын және сазан секілді балық түрлері анықталды. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 252,3 келіні құрады.

Сонымен қатар ұзындығы 2500 метр болатын Қытайда өндірілген тыйым салынған ау табылып, тәркіленді. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1,2 млн теңгеден асқан.

Аталған дерек бойынша су биологиялық ресурстарын заңсыз аулау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды