Мәжіліс инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін пайдалы қазбалар туралы заң жобасын мақұлдады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 12 қарашада Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында "Пайдалы қазбалар және пайдалы қазбаларды пайдалану туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорытындыда заң жобасының басты мақсаты – индустрия секторындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру екені айтылған.

Заң жобасында келесі жаңалықтар қарастырылған:

Сонымен қатар, заң жобасы уәкілетті органға бағынатын ұйымға қатты пайдалы қазбалар саласындағы геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және қолжетімділігін қамтамасыз ету құзыретін береді.

Құжатта сонымен бірге жаңа бос блокқа лицензия беру тәртібі, барлау кезеңінде пайдалы қазбаларды алу тәртібі, өндірістік категориядағы қатты пайдалы қазбалар қоры бар аумақтарға аукцион өткізу тәртібі (жалпы таралған пайдалы қазбалар мен уран қоспағанда), сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық жобалар бойынша пайдалы қазбаларды пайдалану құқығын беру тәртібі көрсетілген.

Еске салсақ, 2025 жылғы 5 қарашада Мәжіліс депутаттары туризм саласын қолдау жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды