Алматыда салмағы 700 грамм болған нәресте аман қалды

Фото: pexels
Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды.

Бала 2025 жылғы 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген.

Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болды, сондықтан дәрігерлер ұзақ әрі күрделі күтім үдерісін бастады.

40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында болды, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр.

Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр.

Мұндай жағдай бүкіл ұжымнан — неонатологтардан, реаниматологтардан, медбикелер мен перинаталдық психологтардан жоғары кәсіби дайындық пен шыдамдылықты талап етеді.

"Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс — дәрігерлердің ортақ еңбегі мен сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл біз үшін жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес", — деді Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.

Сәбидің анасы ұлын аман алып қалған дәрігерлер мен мейірбикелерге алғыс білдіріп, олардың қолдауы мен қамқорлығы ең қиын сәтте үлкен демеу болғанын айтты.

Бүгінде Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы шала туған балаларды күтіп-баптаудың заманауи әдістерін белсенді енгізіп келеді.

Жыл басынан бері орталықта салмағы 1000 грамнан төмен 43 сәби өмірге қайта оралды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты