Шымкентте тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Полиция "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шаралар аясында Шымкент қаласының аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында ер адамнан ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар скотчпен оралған төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 2 келіге жуық психотроптық зат екені анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті қылмыстық әрекетін және қозғалыс бағытын жасыру мақсатында қалааралық қоғамдық көлікті пайдаланған.

Аталған жайт бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы