Қостанай облысында полицейлер шамамен 6 келі марихуана тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Рудный қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту барысында оның ауласынан және гаражынан өсімдік тектес зат салынған қап пен ыдыс табылды. Сараптама оның марихуана екенін растады.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның өзі де каннабиноидтарды қолданғаны анықталды.

Оған аса ірі көлемде есірткі затын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жалғасуда. Полиция еске салады: есірткі заттарын сақтау және сату ауыр қылмысқа жатады.

Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты