Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: pexels
Ұлытау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Жаңаарқа ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді.

Тергеу барысында анықталғандай, топ құрамына Жаңаарқа ауданы мен Қарағанды қаласының 18–22 жас аралығындағы тұрғындары кірген.

Биылғы жылдың қыркүйек пен қараша айлары аралығында олар аудан аумағында бірнеше рет мал ұрлаған. Күдіктілер түнгі уақытта жайылып жүрген малды атып, сойып алған, сондай-ақ қора-жайлардан да мал ұрлаған.

Тергеу нәтижесінде олардың 7 бас ірі қара мен 2 жылқыны жымқыруға қатысы бар екені дәлелденді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция тұрғындарды өз мүлкіне, соның ішінде мал басына мұқият қарауға, малды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын – бейнебақылау мен жарықтандыру орнату сияқты шараларды қолдануға шақырады.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды