Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы "Балқаш" деп аталатын болды

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда елдің алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру бойынша жалпыұлттық конкурс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі 17 қарашада хабарлағандай, конкурс 2025 жылғы 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өтті.

"Финалдық отырыстың қорытындысы бойынша азаматтардан ең көп ұсыныс жинаған "Балқаш" атом электр станциясы атауы жеңімпаз деп танылды. Бұл атау атом электр станцияларын географиялық орналасу бойынша атау тәжірибесіне де сәйкес келеді", – делінген хабарламада.

Барлығы 16 жастан асқан 27 157 қазақстандық конкурсқа қатысты. Әр қатысушы бір ғана атау ұсына алды.

Конкурс комиссиясына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, креатив индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласының сарапшылары кірді.

"Жалпы түскен өтінімдердің ішінен 10 460 бірегей атау анықталды. Өңдеу кезінде кириллица, латын қарпі және мағынасы жақын сөздердің әртүрлі нұсқалары ескерілді. Комиссия 100 ең танымал атауды қарап шықты. "Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынды және ол танымалдығы бойынша бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы болды", – деп мәлімдеді агенттік.

Сонымен қатар, Комиссия атаудың орыс және ағылшын тіліндегі нұсқаларын бекітті:

Алғашқы АЭС Алматы облысындағы Балқаш көлінің жағалауында салынады. Бұған дейін оның қалай көрінетіні жөніндегі макет те таныстырылған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды