Қазақстанда -23°C дейін күн суытады

Фото: pexels
2025 жылғы 18-20 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері жаңа болжамда хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, тұрақсыз ауа райының себебі – республиканың үстінен өтетін Атлант циклоны. Ол жаңбыр мен қар әкеледі, кей жерлерде төменгі боран мен мұз басу ықтимал.

"Елдің оңтүстік-батысы мен шығысында 19-20 қарашада антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы, жауын-шашынсыз болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, республиканың барлық аумағында желдің күшеюі мен тұман күтіледі.

Ауа температурасына келер болсақ, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек елдің шығысында түнгі уақытта температура -6°С-тен -23°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2°С-тен +10°С-қа дейін жылы болады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт елдегі климат өзгерістері туралы айтып, температураның көтерілуі мен жел жылдамдығының төмендеуі климаттың басты ерекшеліктері екенін атап өткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады