Ақмола облысында полицейлер заңсыз жалға берілетін пәтерлер мен үйлерді анықтады

Фото: pexels
Учаскелік полиция инспекторлары сеніп тапсырылған әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар туралы ақпаратты нақтылап қана қоймай, белсенді құқықтық түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Халықты учаскелік аралаудан басқа жедел қызметтердің қызметкерлері, пробация қызметінің инспекторлары және мемлекеттік органдардың өкілдері жүргізеді.

Бірлескен жұмыстың арқасында 2,5 айда 285 мың пәтер мен жеке үйлер, 580-ден астам шаруа қожалықтары мен саяжай массивтері тексерілді.

Тексеру нәтижелері бойынша полицейлер заңсыз жалға берілген 265 тұрғын үйді анықтады. Қазіргі таңда пәтерлер мен үйлер бойынша материалдар құзыретті органдарға жіберілді.

"Учаске" кезеңінде құқық қорғау органдары 34000 – нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 900 жасөспірім-бұзушыларды полицияға жеткізді.

Заңсыз айналымнан тіркелмеген 27 қару тәркіленді. Полиция азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қызметкерлердің заңды талаптарына кедергі келтірмеуді сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды