Ақтөбеде автосалон қызметкері жаңа автокөліктерге жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
18 қараша күні патрульдік полиция қызметкерлері Shangan автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерімен басқарғанын анықтады.

"Қорғау" базасы мен көпфункционалды камералар арқылы құқық бұзушылық фактісі толық дәлелденді. Сонымен қатар жалған нөмірлердің автосалондағы өзге де көліктерге қолданылғаны белгілі болды.

Тексеру нәтижесінде автосалон қызметкері бұл нөмірлерді көліктерді жуу және жұмыс барысындағы ішкі қажеттіліктер үшін пайдаланғаны анықталды.

Аталған автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Еске сала кетейік, 18–23 қараша аралығында облыс аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды