Қазақстандық дипломдар Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяда мойындалатын болды

Фото: gov.kz
Мәжіліс ЮНЕСКО бастамасымен 2011 жылғы 26 қарашада Токиода қабылданған Жоғары білім саласындағы біліктіліктерді мойындау жөніндегі Азия-Тынық мұхит аймағы конвенциясын ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Құжат дипломдар, ғылыми дәрежелер және басқа да біліктіліктерді мойындау рәсімін жеңілдетуге, олардың бағалауы кезінде айқындық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ аймақ елдері арасындағы академиялық және кәсіби мобильділікті кеңейтуге бағытталған.

Конвенцияға сәйкес, қатысушы мемлекеттер басқа елдер берген біліктіліктерді мойындауға міндетті, тек білім бағдарламаларында елеулі айырмашылықтар болған жағдайда ғана ерекшелік қарастырылған. Сонымен қатар, қосылған әрбір елде жоғары білім туралы ақпарат беретін ұлттық ақпараттық орталықтар құру көзделген, сондай-ақ білім жүйелері мен аккредиттелген жоғары оқу орындары туралы сенімді деректер алмасу қамтамасыз етіледі.

Казақстан ратификация кезінде дәстүрлі емес оқу үлгілері немесе ішінара оқу курстары бойынша алынған біліктіліктерді мойындамауға қатысты бірқатар баптарға ескертпе енгізген.

Қазіргі таңда Токио конвенциясына қатысушы тараптар қатарында 12 мемлекет бар: Ауғанстан, Армения, Австралия, Қытай, Фиджи, Әулие Престол, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Ресей және Түркия.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары еңбекті қорғау және еңбек құқықтарын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі