Астанадағы "Қазақстан" спорт кешені қашан пайдалануға беріледі

Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Елордада Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекзат Тамшыбай 2025 жылы 19 қарашада өткен мәслихат отырысында "Қазақстан" спорт кешені мен Қ. Мұнайтпасов атындағы стадион қашан пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бекзат Тамшыбай Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионның 3600 орынға есептелгенін және оны қайта жаңғырту жұмыстары әлі жүріп жатқанын жеткізді.

"Бүгінгі таңда жұмыстардың 80%-ы жүргізілді. Ең қиын бөлігі металл арканы өру болды. Қазір олар шатырын жауып жатыр. Жоспар бойынша желтоқсан айының соңына дейін құрылыс жұмыстарының 95-96%-ын атқару. Желтоқсан айының соңында нысанның техникалық ашылу рәсімін өткізу жоспарланған. Пайдалануға беру мерзімі - 2026 жылдың І-тоқсаны. Бұл жұмыстарға ақша бөлінді", - деді ол.

Оның деректері бойынша, "Қазақстан" спорт кешені бойынша қазықтарды қағу жұмыстары аяқталды.

"Іргетасы қаланып жатыр. Нысан бойынша қаражат толық көлемде бөлінген. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың соңы және 2027 жылдың І-тоқсаны", - деп сөзін түйіндеді ол.

2025 жылдың маусым айында Астананың оң жағалауындағы "Қазақстан" спорт кешені сүріле бастады. Ал бұған дейін қала әкімі оны қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жоспармен бөліскен болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді