Алматының Наурызбай ауданында жасыл желек отырғызу жұмыстары қарқын алып отыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Тастыбұлақ шағынауданы, Ақжар гүлзарында 100 ағаш — терек пен қарағаш көшеті отырғызылды. Іс-шараға жастар, ардагерлер және ауданның белсенді тұрғындары қатысты.

Ағаштардың бір бөлігі кесілген ағаштың орнына егілген. Бұл жасыл аймақтарды қалпына келтіруге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Аудан бойынша ағаш егу жұмыстары 10 қарашадан бері қарқынды жүргізіліп келеді. 2025 жылы жалпы 2 200 ағаш егу жоспарланған: 1 500 — Экология және қоршаған орта басқармасы тапсырысымен, 700 — Наурызбай ауданы әкімдігінің бастамасымен, оның ішінде кесілген ағаштың орнына отырғызу да бар. Бүгінге дейін 600 ағаш егілді. Ірі көшеттер Абай және Алатау даңғылдарында, қалған ағаштар "Алма Сити" тұрғын үйлер кешендерінде (E1, E3, E4, E5) және аудан көшелерінде отырғызылды.

"Ауданның көз алдыңда өзгере бастағанын көргеніне қуаныштымын, — деді ардагерлердің бірі. — Мұндай іс-шаралар әрқайсымызға қаламызды көркейтуге үлес қосуға мүмкіндік береді".

Барлық ағашты күтіп-баптау дұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қураған ағаштардың орнына көшеттер отырғызылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды