Павлодар облысында балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар жауапкершілікке тартылды

Фото: Zakon.kz
Құқық бұзушылықтың алдын алуға және қызмет көрсетілетін аумақтардағы мәселелерді зерделеуге бағытталған "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар облысында полицейлер 220 мыңнан астам тұрғын үйді тексерді.

Тексеру нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін 289 құқықбұзушы жауапқа тартылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін 2250 павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар тұрақты мекенжайы жоқ 499 адам ұсталып, олардың 125-і қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Осы кезеңде полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауында тұрмысы төмен және қолайсыз отбасылар болды.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін шамамен 300 ата-ана жауапқа тартылды. Балалардың қауіпсіздігі – ата-аналардың басты міндеттерінің бірі. Алайда Павлодар облысында балалардың қараусыз қалуы деректері тіркелуде.

Мәселен, тұрғылықты мекенжай бойынша тексеру барысында полицейлер бір пәтерден 2019 және 2020 жылы туған екі кәмелетке толмаған баланы жалғыз отырған күйінде анықтады. Тағы бір жағдайда пәтерде 2016, 2018 және 2024 жылы туған үш бала ересектерсіз қалған. Белгілі болғандай, аналары оларды тастап, құрбыларымен қыдыруға кеткен.

Жауапсыз ата-аналар анықталып, заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылды.

Баланы қауіп-қатерге тікпеу және айыппұлдардан сақтану үшін ата-аналар қарапайым қағидаларды ұстануы тиіс:

Балаларды қараусыз қалдыру – бұл тек айыппұл салынуы ғана емес, сонымен қатар баланың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп.

Баланың қауіпсіздігін уақтылы қамтамасыз ету және оған назар аудару – отбасыңыздың тыныштығы мен қорғанысының кепілі. Баланың қауіпсіздігі – бәрінен жоғары. Сіздің қамқорлығыңыз болашақта жағымсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты