Қазақстанда зорлық-зомбылықты насихаттап, фишинг және қаруға қатысты контент таратқан 28 мың сайт бұғатталды

Фото: unsplash
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттық сауалға берген жауабында интернет кеңістіктегі заңсыз контентпен күрес жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің дерегінше, құқыққа қайшы мазмұндағы 100,8 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурс анықталған.

"Олар: қаржы пирамидалары – 15 301, порнография – 24 662, интернет-казино – 4 601, онлайн-казино жарнамасы – 17 297, фейктер – 22 063, есірткі қылмыстары – 1 981, фишингтік сайттар – 2 894, қару-жарақ – 312, суицид – 426, "Байланыс туралы" заңды бұзу фактілері – 1 400, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау – 1 193 және өзге де контент – 8 673", – делінген жауапта.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда осындай 28 554 ресурс бұғатталған. Оның ішінде: порнография – 16 524, фейктер – 372, интернет-казино қызметі мен жарнамасы – 5 576, қаржы пирамидалары – 3 419, есірткіге қатысты контент – 518, қатыгездікті насихаттау – 62, фишинг – 513, суицидке қатысты материалдар – 50, қару-жарақ – 25.

"Полицияның қоғамдық орындарда тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданып жатыр. Қалалардың қылмыс деңгейі жоғары учаскелерінде 209 тұрақты полиция бекеті орнатылды. Патрульдік полицейлер модульдік бекеттерде тәулік бойы жұмыс істеп, азаматтардың өтініштерін қабылдайды", – деп толықтырды Сәденов.

Бұдан бұрын министр Сәденов еліміздегі заңнаманы бұзатын пранкерлермен күрес жөнінде де мәлімдеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін