Халықаралық Silk Way Star қатысушыларына Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапаттар табысталды

Сурет: Instagram/silkway.star
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24.kz" мәліметіне сүйенсек, Ерлан Қарин жобаның басты ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадио кешеніне және Қытайдың China Media Group медиакорпорациясына ризашылық білдірді.

Атап айтқанда, музыка өнеріндегі жарқын жетістіктері мен халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Silk Way Star жобасының жеңімпазы Мишель Джозеф ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қатысушы мен ұйымдастырушы Президенттің Алғыс хатына ие болды.

Бұған дейін Маңғыстаудың Джеки Чан қатысатын жаһандық кинохитке енуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды