Қазақстанда арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге төленеді

Фото: пресс-служба акимата Алматы
27 қараша күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге төленетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл мемлекеттік қолдаудың түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілген және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып саналады, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

АМЖ алуға құқылы азаматтардың 17 санаты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген.

Олардың қатарында

Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалғандар және басқа да азаматтар.

Жәрдемақы мөлшері алушының санатына байланысты және 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке (әрі қарай – АЕК) дейін өзгеріп отырады. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері жыл сайын АЕК мөлшерінің артуына байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіп бойынша көтеріліп отырады.

Айта кету керек, егер азамат бірнеше негіз бойынша АМЖ алуға құқылы болса, жәрдемақы тек олардың біреуі бойынша, өз таңдауы ескеріліп төленеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да ҚР азаматтарымен тең дәрежеде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. АМЖ тағайындау үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында беру керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді