Павлодар облысында ішімдікті заңсыз сату фактілері анықталды

Фото: pexels
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін заңсыз бөлшек саудада сатудың екі фактісін анықтады.

Бірі – қаладағы дүкендердің бірінде, екіншісі – Ақсу кентінде тіркелді.

"Тексеру кезінде екі жағдайда да сатушылардың 21 жасқа толмаған адамға спирттік ішімдік сатқаны белгілі болды. Бұл – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өрескел бұзу. Қолданыстағы нормаларға сәйкес, 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға қатаң тыйым салынады. Осы құқық бұзушылық бойынша дүкен иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады Ақсу қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Полиция кәсіпкерлер мен сауда қызметкерлеріне алкоголь өнімдерін сату кезінде заңмен белгіленген жас шектеулерін қатаң сақтауды ескертеді. Мұндай талаптар жастардың денсаулығын қорғауға және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды