Қазақстанда 250 мың бала қашықтан оқытуға көшірілді

Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2025 жылғы 27 қарашада Сенат кулуарында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ел бойынша 13 өңірде 11 мыңнан астам сынып қашықтан оқыту форматына көшірілген.

"Барлығы 903 мектепте шамамен 250 мың бала 'қашықтан оқытуға' өтті. Кеше күннен бастап аз да болса динамика байқалады", – деді Сұлтанғазиев.

Журналистер вице-министрден ЖРВИ жиі асқынған түрге ауыса ма деген сұрақ та қойды.

"ЖРВИ мен тұмау асқынуларға әкелуі мүмкін, әсіресе тұмаудың ең қауіпті асқынуы – пневмония, ол көбінесе 5 жасқа дейінгі балаларда байқалады. Сондықтан ата-аналар жағдайды үнемі бақылап, қажет болса медицина қызметкерлерін шақыруы керек", – деді Сұлтанғазиев.

Еске салайық, бұған дейін біз Қазақстанда ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты 132 мектеп қашықтан оқытуға көшірілгенін хабарлағанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады