Президент: Ауыл әкімдері міндетті түрде білікті маман болуға тиіс

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28 қарашада өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында қазіргі ауыл әкімдерінің 60 пайызға жуығы осы қызметке алғаш рет сайланғандар екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, сайлауда жеңіске жету – алдағы үлкен жұмыстың басы ғана.


"Әкім болдым, толдым" деп отыруға болмайтыны түсінікті. Әкімдер өздерінің мықты басшы екенін іс жүзінде дәлелдеуі керек. "Басшының бағы – ел-жұрттың қамы" деп бекер айтылмаған. Нағыз елге сыйлы әкім болу үшін ауылдың ахуалын жақсы білу де аздық етеді. Халықтың сенімін ақтап, елдің береке-бірлігін нығайту үшін жұмыс істеу керек,- деді президент.

Оның пікірінше, әкім мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде жүзеге асыруға қабілетті болуы қажет.

"Кәсіби тұрғыдан білікті әрі еңбекқор әкім сайлаушылардың сенімін ақтай алады. Сондықтан ауыл әкімдерінің басқару ісіндегі шеберлігін арттыру өте маңызды. Әкімдердің арасында бұрын билік жүйесінде жұмыс істемеген азаматтар бар екенін айттық. Олардың тәжірибесі аз екені түсінікті. Осы бағытта "Amanat" партиясының бастамасымен "Әкімдер мектебі" жобасы қолға алынды. Әрине, мұндай курстар жоғары білімнің орнын баса алмайды. Сондықтан университеттерде оқытылатын "Мемлекеттік және жергілікті басқару" бағдарламасын талапқа сай өзгерту керек. Ауыл-аймақтарды басқару, көшбасшылық қабілетті дамыту мәселесі назардан тыс қалған. Ал бұл жұмыспен ең алдымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шұғылдануы керек. Құзырлы министрлікпен бірлесіп, ауыл әкімдерін даярлауға белсенді түрде кірісу қажет",- деп баса айтты мемлекет басшысы.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты