Президент мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ауыл әкімдерінің мәртебесін жан-жақты қарастыруды тапсырды

Фото: senate.parlam.kz
Қазақстан президенті ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауыл әкімдіктері қызметкерлеріне жағдай жасаудың маңызына назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ауыл әкімдерінің мәртебесі туралы мәселені айналып өте алмаймыз. Бұл – өте өзекті дүние.

"Аталған ұсыныс бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін, тіпті, Президент Әкімшілігіне тиісті өтініштер түскенін жақсы білемін. Мемлекеттік қызметшілердің санаттарын нақты белгілеу керек. Үкімет Парламентпен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен осы мәселелерді жан-жақты қарастырып, бір ай ішінде өздерінің ұсыныс-пікірлерін беруге тиіс. Содан соң шешім қабылданады",- деді мемлекет басшысы.

Ол ауыл әкімдіктерінің қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлген жөн екенін баса айтты.

"Әкімдіктерде, әсіресе, ауыл әкімдіктерінде бұрын жұмыс істеген немесе қазір де еңбек етіп жүрген азаматтар мұны мемлекеттік қызметшінің нағыз өмір мектебі деп бекер айтпайды. Бұл баршаға түсінікті. Өйткені әкімдік қызметкерлері билік пен бұқара арасында сенімді әрі сындарлы диалог жүргізуді меңгеріп, нағыз басқару машығын жетілдіреді. Сол себепті ауыл әкімдіктері қызметкерлерінің жұмыс істеуіне, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау маңызды деп санаймын".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Жаңа Парламентте Президент квотасы болмайтындығы туралы ақпарат бердік.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

"Үсік жүреді". Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ШҚО-да ауруханада өзін агрессивті ұстап, тәртіп сақшыларын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді