Жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды – Тоқаев
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтергенін хабарлады.
Президенттің айтуынша, бұл саяси өзгерістердің заңды жалғасы болып табылады.
"Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз Президенттік Республика болып қала береді", – деді Тоқаев.
Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатқанын атап өткен Президент Парламент құрылымына қатысты көптеген ұсыныстар түскенін айтты. Мысалы, депутаттар саны халық санына пропорционалды болуға тиіс деген пікірлер бар. Мұндай жағдайда депутаттар саны 200-ге жетеді, ал қазіргі қос палаталы Парламентте 148 депутат бар.
Президент Парламенттік реформаның екі палатаны жай біріктіріп қою емес екенін түсіндірді.
"Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript