Жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындық: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі ел азаматтарына желтоқсан айының басында еліміздің әр өңірінде әскери техникалар бой көрсететінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімдері оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Осыдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды.

Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көліктерімен жеткізіледі.


"Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз", - дейді ведомстводан.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі елімізде ақысын төлеп, әскери дайындық курсынан кімдер өте алатынын айтып, түсініктеме берген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін