Астанада тергеу изоляторында торттың ішінен телефондар табылды

Сурет: ҚР ІІМ
28 қарашада "Қадағалау" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №64 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізудің айлакерлік тәсілін әшкереледі.

Алматы қаласының тұрғыны арнайы Астанаға келіп, тергеудегі азаматқа әсем безендірілген торт алып келген.

Торттың ішіне ол мұқият жасырылған жеті телефонды өткізбек болған.

Сырт көзге мүлдем қауіпсіз көрінген тәтті сыйлық қызметкерлердің қырағылығының арқасында дер кезінде тексеріліп, заңсыз әрекет тоқтатылды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, азаматқа тиісті шаралар қабылданды.

Заңға қайшы әрекет жасаған азаматтың ісі сотқа жолданды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды